Есіктен Есікке
Мінекей, көптен күткен сайлау жұмыстарының үгіт насихат жұмыстары басталды. Күнде жүретін жолымдағы көшемде тұратын қариялардың тұратынын жақсы білемін. Сайлау науқанының мақсаттарын қарттарымызға жеткізейін әрі жағдайларын білейін деп осы жандардан бастадым. Джумағалиев Нұрлан атамыз жолдасы Мұхамбетиярова Жұмазиямен бүгінде зейнеткер. Сайлауға баратынын айтып, партияға сенім білдіретінін және келгеніме риза ниетін жеткізді. Бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған қос қария балаларының тілекшілері. Солардың тілеуін тілеп, қолдан келген көмектерін аямауда. Сонымен қатар биыл еңбек жолын бастаған жиені Мұстафиева Айгерім де осы сайлауға қатысатынын жеткізді. Ұстаздық жолын енді бастаған Айгерім алғаш рет сайлауға қатыспақ. Есіктен есікке жеткен партияластардың ниеті жүректен жүрекке жетеріне сенімдіміз. Жеңімпаз болу өз алдына, елге пайдамыз тисін деп тілейік! Жарқын күндерде жолығайық.
