Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Есіктен есікке

Қариясы бар елдің қазынасы бар

Сайлауды үгіт насихат жұмыстарын ең алғаш үлкендерден, яғни қариялардан бастауды жөн көрдік. Батамен ел көгереді...дегендей әуелі сәлем беріп, бата алудан бастадық. Өйткені,олар өздерінің кездері мен қазіргі заманды салыстыра отырып, талдау жасайтыны анық. Бүгінгі бейбіт күннің қадірі мен қарымын жете түсінеді. Осы орайда тыл ардагері Алшын атамыз бен Баян әжеміздің шаңырағына бас сұқтық. Еліміздің бүгінгі жарқын өмірі елімізде жүргізіліп отырған сарабдал саясаттың арқасы екенін айта келе, ел тізгінін ұстаған азаматтарға алғыстарын да білдірді. Ұрпақ тәрбиесін бесіктен бастап қолға алса, экранымызды түзесек деген өтініш пікірлерін де жасырмады.

Ауылымыздың үлкен ақсақалы Жасталап атай мен Меруерт анамыздың үйіне де табан тіредік. Жасталап қария сыртта жүр екен. Сәлемімізді қабыл алды. Атамыз жасы 82 ге келсе де әлі тың, қолында балғасы, сырт тірлігінде жүр. Ұлың ұяға, қызын қияға қондырған ата әжеміз еліміздегі саяси өмірден де хабары мол, жаңалықтарды қалт жібермей тыңдап ол отырады. Қазіргі замандағы жастар тәрбиесі, ата-ананы құрметтеу, т.б мәселелер жөнінде де ойларын айтты. Денсаулық сақтау ісі, оның ішінде ауылдық жерлердегі медициналық технологияларды дамытса, заманға жаңартып деген ойларын айтты.

Ұзақ жыл мал бағып зейнетке шыққан алтын алқа иегері Шәмшия анамыз бен Кенжетай атамыз шаңырағында да болып ойларын білдік. Кезінде талай қиындық көрдік, жұмысты да жасадық, баланы да тәрбиеледік. Қазір жағдай одан да шүкір. Адамдар масылдыққа үйренбесе екен. Тірлік жасасын, еңбек етсін, сонда ғана жегенің берекелі болады дейді. Айтпақшы, Шәмшия анамыз біз есіктен кіріп келгенде таңырқап, шошып қалғандай сыңай танытты. Сөйтсек, алыстағы балаларынан бір жаман хабар кеп қалды ма ойлаған екен. Өздері сексеннен асса да баланы ойлап, жүрегі езіліп отыратын ана шіркін қашанда биік қой. Ең бірінші орынға перзентін қояды ғой. Өздері аурыңқырап отыр екен. Ауылдағы медициналық қызметті жетілдірсе, дәр дәрмек жағынан тапшылық болмай, жасы үлкен қарттарды сабылтпай үйге келіп қарап тұру мәселерін тиісті орындарға жеткізсеңіздер екен дейді.

"Nur Otan" партиясының сайлау алды бағдарламаларымен таныстыра отырып, еліміздің сан салалы жетістіктері жөнінде айтып өттік. Қарияларымыз шынайы ықыласпен тыңдады. Басты партиямыздың бағдарламасына ризашылықтарын білдірді.

Мен Арыс Серікұлы аудандық мәслихат депутаттатығына кандидат ретінде сенімді өкілдерім Самат Орынбасарұлы және Амандық Нариманұлы есіктен есікке акциясы барысында осылай түйіп қайттық.

0
0
114

Осы тақырып бойынша