Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Есіктен-есікке

Қасым да, мен де - Өлеңті ауылында тудық. Нағашы - жиендігіміз де бар. Бірге ойнап, бірге өстік. Ол мектеп бітіріп, Ақтөбе қаласына оқуға кеткен. Ауылға дәрігер болып оралды. Қазір бір ауданның білдей хирургі. Мен болсам қалам ұстап, газетте жүрмін.

Осы күзде Қасым бауырымыз екеуіміз "Nur Otan" партиясының ішкі сайлауы - праймеризге қатыстық. Алланың қалауымен халық қолдап партиялық тізімнің алдыңғы қатарынан орын алдық. Алла бұйыртса аудандық мәслихат мінберіне ауылдас ағайынның аманатын тасушы адам болсақ деп отырмыз.

Алда - сайлау. Саяси науқан қызу жүруде. Мойынындағы ойдай аманат пен қарайған жұрттың үміт - сенімі "Nur Otan" - ға осы саяси аламанға ат қостырды.

"Nur Otan" - аты тек төрт - бес жылда бір аталып, төбесі сайлау кезінде ғана көрінетін басқа партиялардай емес, Тәуелсіз Қазақстанмен бірге жасап, бірге өркендеп келе жатқан саяси ұйым.

Кеше Қасым екеуіміз ауылдың қарттарына амандасып, мерекелерімен құттықтап, хал - жағдайларын біліп қайттық. Әуелі еңбек ардагері, көнекөз қария Болат Уәлиев ақсақалға сәлем бердік. Кейін еңбек ардагері Қалеш қарттың шаңырағында болдық. Қарттар қуанып қалды.

Қарттарға барғандағы тағы бір шаруамыз - ауылда салмағы бар адамдарды бас партияны қолдауға үндеу. Біз үндемей - ақ, қос қария да Елбасы, партия төрағасы Н. Назарбаевтың саясатын қолдайды екен. Сондықтан, алдағы сайлауда олар "Nur Otan - ға" дауыс береді деп сенеміз.

Ақсақалдар партияның аудандық филиалына елдің атынан аманат - тілек арқалатып жіберді. Бірінші ұсыныс - Өлеңті ауылына мәдениет үйі керек. Халыққа да, мәдениет саласында білім алып, жұмыссыз жүрген жастарға да тиімдісі - осы. Екіншіден, Өлеңті көшелеріне асфальт керек. Болат қария орталық көшеге радио орнатылса дейді. Қалеш қарт ас беру, тасаттық жасау шараларына демеуші ретінде ауылдағы шаруашылық иелерін тарту, соны дәстүрге енгізу туралы ой айтты. Өлеңтідегі жаңа саябақтың ішіне жаңа спорт алаңы салынса дейді олар.

Партия филиалы қатеріне алар деп осы постты жазып отырмын.

0
0
187

Осы тақырып бойынша

Есіктен-есікке - Yvision.kz