Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Есіктен есікке

Елімізде сайлауалды бағдарламаларды таныстыруда үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп жатқаны баршаға мәлім, осы орайда менің Айнагуль Мағауияқызының сенімді өкілі екенімді білген аудан тұрғындары, әріптестерім өздерін толғандыратын мәселелер мен ұсыныстарын ашық айтуда, бұл үшін мен қуанып отрмын, себебі кейбір азамат-азаматшалардың сенімсіздік танытып, жәй ғана фотокөріністер деп, болмаса басқалай керағар пікірлері барын жасыратыны жоқ, ал алдыма келіп қойған сұрақтарына, болмаса интернет желісі арқылы жіберіліп жатырған бар сауалдарға дұрыс түсінік беруге тырысып, жауап беруге тырысып жатырмын. Осындай бір кездесулік сәт, әріптесім Ниетқалиев Есбол бүгін жұмыс орныма , жұмыс бөлмеме арнайы келіп өз ұсыныстарын айтты, жеке мәселем емес, Сізге бір ұсыныстарым бар дегеніне қуана тыңдап ,( себебі арнайы шақырмай келгені үшін, сенімі үшін) жазып алдым. Айтеке би көшесіндегі жарық шамдардың жоқтығын, қазіргі таңда иттердің көбеюін айтып, кішкентай балалар мен қарттарға қиын екендігін айтты. Мүмкін емес нәрсе болмайды, сондықтан тек сайлауалды емес , жалпы әр сала басшысы өз құзыретіне кіретін шаруаларды уақтылы шешуге болады деп ойлаймын, дегенменде сенімдеріңізге, халық жағдайын ойлаған ұсыныстарыңызға рахмет.

Осы тақырып бойынша