Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Есіктен есікке

Балаларының алды жетпістен асса, қолындағы ұлдың өзіде биыл елуге толды. Кезінде Аққұдықта, кейін Алатау ауылында тұрсада бүгіндері Бұлан ауылының тумасына айналып үлгерді. Сол өңірдің жер су атауларын жатқа айтатын, ауылдар мен адамдарының тарихын бір кісідей білетін шежіреге толы қазыналы қария. Қал сұрасып бармай қалсақ жоқтап отыратын әдеті бар. – Биылғы жыл мағанда қиын тиді, көзімде көрмей қалды деп бастады әңімесін. Қорқып кетіп, аяқ жолыңызды көресізбе десем, - Жоқ, оны көремін, тек казит оқи алмай қалдымғо,- деп налып қояды. Мен: - Әже, сіз түгілі ол казитті біздер әзер оқимыз, сізге енді өкпе жоқ дедім. Жасы биыл 94 толған әжеміздің айналасы газет журналға үйіліп жататын, олары расыменде азайыпты, есесіне радиомен дос болып алыпты.

– Жаңалықтан құр қалмайын деп қазақ радиосын тыңдаймын. Барлық жаңалықтан хабарым бар, сайлаудың өтетінін көптеген жастардың осы іске араласып жатырғанынан хабардармын деп, мағанда сенім білдіріп сәттілік тілеп батасын берді.

0
0
175

Осы тақырып бойынша