Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Есіктен есікке

Аудандық "Nur Otan " партиясы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мұратұлы Даргужиевтың онлайн жүйесінде өткізген қоғамдық қабылдауында Жымпитылық азамат, Талғат Жакупов өзінің көршісі Абатов Саматтың апасы, зейнеткер, Түркіменстан Республикасының тумасы Тұрлыбекова Роза Сарсенбекқызының тұрғылықты мекен-жайға тіркелу мәселесі жөнінде көмектесу мүмкіндігін қарастыруға бола ма деп, өз өтінішін білдірген екен. Содан ол маған хабарласып, Көрші ақысы, тәңір ақысы деген, аттасымның азаматтығына риза болып тұрмын деп ,сол кейуананың жағдайын біліп қайтуды жөн санап, өтінішін аяқсыз қалдырмай, түстен кейін "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрайымы ретінде Талғат Мұратұлы екеуміз бірге Роза Сәрсенбекқызына аяқтай барып, жолығып, мәселенің анық-қанығына көзімізді жеткіздік.Бізді келеді дегесін тағатсыздана күтіп отыр екен. Роза анамыз жалғыз басты ,инсульт болып ауырып қалғасын,2018 жылы көршілес республикадағы үйін сатып, елге келген екен. Қазір інісі Саматтың қолында. Інісінің мекен-жайына тіркелуге отыра алмай отыр. Себебі, Түркіменстан Республикасынан соттылығы жоқ, республикадан есептен шығарылды деген анықтамалар керек екен. Бүгін де денсаулығы сыр берген, кейуана ол жаққа денсаулығына байланысты бара алмайтындығын айтып, мұңын шағып отыр. Құзырлы мекемелерге де хат жолдаған екен, бірақ та еститіні сол бір жауап. Көп жылғы ұстаздық еткен еңбегінің зейнетақысын да ала алмай отыр. Не анда жоқ, не мында да жоқ. Есепте болмағасын дәрігерлік көмекті алуда қиындау дейді.Бірақ дейтұрғанмен жергілікті дәрігерлер,мен бағып отырған інісі мен келініне де көмек қолын созу да деп ризашылығын білдіріп отыр. Ендігі үмітім "Nur Otan" партиясы Сіздер де деп - зейнеткер анамыз көзіне жас алды. Анамыз саяси сауатты ,теледидар,баспасөз ақпарат құралдарын жіпермей оқып,қарап отыратын айтты .Біздер үлкен кісінің қолындағы барлық құжаттарының көшірмелерін алып, Республикалық деңгейдегі барлық құзырлы мекемелерге хат жолдап, жұмыстанбақпыз. Аяқтай келіп жолыққан Роза апамыз мәселесі шешіліп қалғандай жас балаша қуанып, ризашылығын білдірді."Nur Otan " партиясына деген сенімі мол ,үміті зор. Қолымыздан келгенше жұмыстанып, көмек қолын созып көрмекпіз. Ендеше, іске сәт! Бұл мәселе партиялық бақылаудың назарында болады, осындай өтініштер бұрын да назардан тыс қалмай шешімін тапқан бұл мәселе де шешімін табар деген сенімдеміз📷

0
0
116

Осы тақырып бойынша