«Есіктен есікке» акциясы
Батыс Қазақстан облысында келер жылдың 10-шы қаңтарында өтетін Мәжіліс және әр түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына қатысты үгіт-насихат жұмыстары күн өткен сайын қыза түсуде.
Бүгін «Nur Otan» партиясы атынан ҚР Парламент Мәжілісіне өңірімізден үміткер ретінде тіркелген Мәлік Құлшар, Жаңабек Жақсығалиев және Сабира Сүндетова «Есіктен есікке» акциясы аясында Орал қаласындағы Есқалиев және Алмазов көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйлерді аралады.
Аталған акция шеберінде депутаттыққа үміткерлер мен «Nur Otan» партиясының жас белсенділері әр үйдің тұрғынымен жақын жүздесіп, алдағы сайлауға қатысып, жетекші партияға дауыс беруге шақырды.
Сондай-ақ кандидаттар көп қабатты үйлер тұрғындарының мұн-мұқтажын сұрап, ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді.
