Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Есіктен есікке" акциясы Баутин ауылында жалғасын тапты.

Акция барысында Баутин ауылы тұрғындарына 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты бағдарламасын таныстырып, 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Тұрғындар қолдау білдіріп, өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтып өтті. Баутин ауылының тұрғыны Ж.Игликова "Үгіт-насихат жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. "NurOtan" партиясы туралы бәріміз білеміз, істеп жатқан жұмыстарын да көріп жатамыз. Ауылымызда Сатимов көшесі бұрылысына төселген жолдың жанындағы газ құбырының дұрыс орналаспағанын алғаш болып сіздердің партия аңғарып, қоғамдық бақылау тобының мониторингінен кейін осы бұрылыстағы газды жөндеп беріп кетті. Партиялық жобаларыңыз жалғасын таба берсе екен деймін. Және де осындай жағдайлардың алдын алуға ықпал етулеріңізді сұраймын" – деді.

Баутин ауылының 92 жастағы Балкон әже батасын берді. "NurOtan" партиясы қашанда халықтың жанашыры болып жүрген партия, сіздерге рахмет, мен сіздерге үміт артамын, алдағы сайлауда сәттілік тілеймін" деп, өзінің батасын берді.

Акция соңында сайлауалды штабының басшысы Светлана Түгелқызы тұрғындар тарапынан түскен ұсыныс-пікірлерді қаперге алып, алдағы уақытта жұмысты одан әрі жандандыра түсетінін айтты.

1
0
154

Осы тақырып бойынша

"Есіктен есікке" акциясы Баутин ауылында жалғасын тапты. - Yvision.kz