Есіктен есікке акциясын өткізді
Кандидат Айнагүл Мағауяқызы Ойшыбаева
Еңбекпен көзін ашып бүгінде балаларға салмақ салмай, қайта соларға пайдам тисін деп жүрген абзал ана, еңбек ардагері Алдиярова Жаңылсын 1937 жылы дүниеге келіпті. Жұмыс талғамаған, уақытпен санаспаған, жан баласына салмақ салмаған зейнеткер ана. Есіктің алдындағы мұздаққа құлап қалсада аурухана бармапты. Неге қаралмайсыз, деген сұрағыма, "-бәлнес маған не істер дейсің, жасы келген адаммын. Қайта әлсін әлсін ауырып қала беретін қызымды уайымдаймын. Солар ауырмасын" дейді. Міне ана жүрегі деген осы ғой. Өзі өліп бара жатсада, баласының қамын жейді. Партияның жұмыстарын қызыға тыңдаған кейуана, үйден дауыс беруге өтініш айтып, қалын сұрай барған маған алғыс айтты. Сайлаудың талайы болып жатырғанын пайдасы елге болсын деген ананың ақ жарма тілегін Сіздерге жеткізіп сөзімді аяқтаймын. Есіктен есікке жеткен тілектер мен ниеттер жүректен жүрекке жетер жеңісті күндерде жолықтырсын. #сайлауғабар
#Жеңімпазбол
