Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ескелді аудандық орталық ауруханасы пайдалануға берілді.

Ауруханада үш орынға арналған триаж жүйесі енгізіліп, емделуден кейін науқастарға оңалту көмегін көрсетуге арналған 3 оңалту залдары (2 -ересек және 1- балаларға арналған) ашылды.

Сонымен қатар реанимация, хирургия, перзентхана, терапия, балалар бөлімшелерінде және ота жасау блогында қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп, талапқа сай жаңа заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілді.

Ота жасау блогында қосымша операция үстелі орналастырылды. Ота жасалғаннан кейін науқастардың оянуын және жағдайын қадағалауға арналған жаңадан екі төсекке арналған ояту палатасы ашылды.

Жоба бойынша орталықтырылған оттегін тарату торабы салынып, осы тораптан барлық бөлімшелердегі палаталарға орталықтандырылған оттегі нүктелері орналастырылды.

Коронавирустың екінші толқыны туындаған жағдайға аурухана толығымен дайын.

Ауруханада барлығы 39 оттегі концентраты, 11 өкпені жасанды желдету аппараты және 145 пульсоксиметрі қолдануға дайын тұр.

Дәрілік заттардың қажетті 3 айлық қоры толық көлемде қамтамасыз етілді.

Жеке бас қорғаныш киімдері, бір реттік бетперделер, медициналық қолғаптар, тері антисептиктері мен залалсыздандырғыш құралдар жеткілікті.

Аурухананың ас дайындау блогының ғимараты, кір жуатын орын және автогараж жөндеуден өтті. Сонымен қатар аурухана аумағы да аббаттандырылды

0
0
283

Осы тақырып бойынша

Ескелді аудандық орталық ауруханасы пайдалануға берілді. - Yvision.kz