Ескелді ауданының сайлауалды бағдарламасы бекітілді
Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткен кезектен тыс конференция аясында нұротандықтар «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Ескелді ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасы бекіту, Алматы облыстық мәслихатына пікірсайыс қорытындысы бойынша кандидаттарға дауыс беру, «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізім бекітілді. Сонымен қатар, аудандық сайлауалды штаб төрағасы, орынбасарлары таныстырылды.

Партиялық тізім де өзгерістер жетерлік, мәселен жастар қатары 23% құрап, белсенді жастар қатарымен толығып отыр.

Гендерлік саясат та бұл жолдан қалмаған, тізімде 30,8%құрап отыр, салыстырмалы түрде алып қарасақ қазіргі таңда мәслихатта бұл құрам 7,8% үлесін құрап отыр.

Дебат қорытындысы бойынша делегаттар өз таңдауын жасап, Ескелді ауданынан жоғары дауыс жинаған үміткер облыстық конференцияға жолдама алып, аудан бойынша 26 нұротандықтан құралған партиялық тізімі бекітілді.

