Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Еуропарламент Ресейдегі сайлауға бақылаушыларын жібермей қойды

Еуропарламенттегілер бірде-бір депутатқа Ресейдегі және Украинаның жаулап алынған жерлеріндегі президент сайлауына қатысуға өкілдік бермегенін мәлімдеді.

Ресейде үшкүндік дауыс беру бүгін басталды. Бұл елдің тұрғындары алдағы алты жылға басшысын сайлауы керек.

Президенттікке 4 кандидат бар. Олар – қазіргі мемлекет басшысы Владимир Путин, «ЛДПР» партиясының, Мемлекеттік думада фракция жетекшісі Леонид Слуцкий, Мемлекеттік дума вице-спикері Владислав Даванков және төменгі палатадағы РФПК-дан депутат Николай Харитонов.

0
0
246

Осы тақырып бойынша

Еуропарламент Ресейдегі сайлауға бақылаушыларын... - Yvision.kz