Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«EXPO-2017» көрмесіне дайындық

Қазақстанның ЭКСПО-мен бірлескен тарихы 2005 жылдан басталады. Ал биылғы жылдың 11 маусымында Қазақстанға көрмеге тіркелу ісін жемісті қорғағаны және өзіне осынша жоғары міндеттемелер қабылдауының куәлігі ретінде ЭКСПО туы тапсырылды.

Халықаралық көрмелер алғаш рет сонау 1851 жылғы қазан айындағы лондондық Гайд-парктен бастау алды. Көрме өзінің әлемдік пішінін сақтап, адамзаттың технологиялық мүмкіндіктерінің ең танымал таныстыру алаңы бола білді. Бүгінгі таңда ЭКСПО – ғылыми ойлар өміршеңдігін дәлелдеп, қандай да бір бизнес-мүмкіндіктерге арқа сүйеуге болатын орынға айналды.

2017 жылы Астана үш ай бойына ЭКСПО режимі мен Әлемдік қоғамдастықтың назарында өмір сүрмек. Ірі халықаралық шараға Қазақстанның қалай дайындалып жатқаны туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Ермегияев айтып берді.

Астанада EXPO өткізуге арналған тақырып кездейсоқ таңдап алынбаса керек. Жерінде табиғи байлықтың мол қоры бола тұра Қазақстан баламалы энергетика мәселесін қозғауы тегін емес, әрине. Өйткені, шикізат көзіне айналып отырған еліміз оның түбінде бір түгесілетінін жақсы түсінеді. Сондықтан да тұрақты энергияны, баламалы энергетиканы пайдалану және табиғи ресурстарды сақтау барлық энергетикалық саланы дамытудың басым бағытының бірі болып табылады. «Болашақ энергиясы» – жел, күн, су, ғарыш баламалы энергетика, биомасса энергиясы, атмосфераға СО2 қалдықтарын төмендету мәселелерін терең қозғайтын өте ауқымды түсінік.

Шындығында да еліміздің географиялық орналасу жағдайын, жел және күн энергиясын пайдалану мүмкіндігін, сондай-ақ мұнай және газ ресурстарының энергетикалық әлеуетін ескерсек, бұл қажеттіліктің орнын толтыруға тамаша мүмкіндік туып отыр. Қазақстанның сағатына 1 трлн кв энергия өндіруге мүмкіндігі бар. Оның үстіне Астана көрмені өткізу құқығын жеңіп алған жағдайда, ЭКСПО-2017 көрме қалашығы толықтай баламалы энергия көздері арқылы жұмыс істеуге көшеді. Мұны көріп-біліп отырған сарапшы мамандар еліміздің мүмкіндіктері мен артықшылықтарын толық мойындауда.

Минералдық ресурстарға ең бай елдердің бірі – Қазақстан. Біздің «Болашақтың энергиясы» деген тақырыпты таңдауымыз көпшілікті таң қалдырды. Біздер бүгінгімізге мастанбай, ертеңгіні ойлайтын халықпыз. Болашақтың энергиясы – бүкіл әлемді алаңдатып отырған тақырып. Күн, жел, геотермалды сияқты энергияның балама көздері ғана емес, дәстүрлі энергиялар, сонымен бірге атмосфераға көмірқышқыл газының тарауы, мұнайды пайдалануды және қоршаған ортаны ластауды, планетамыздың минералдық және көміртекті ресурстарын азайтуды болдырмау, қысқарту. Бұл жерде біздер үш қосалқы тақырыпты анықтадық: бірінші – көмірқышқыл газы таралымдарын қысқарту, екіншісі – энергия тиімділік, үшіншісі – барлығы үшін энергияның қол жетімдігі. ЭКСПО-да ұсынылатын технологиялар өмірге жемісті түрде кірістіріле алады. Сондықтан олар бізге – Қазақстанға кәдеге жарату тұрғысынан қызықты. Біздер ТМД елдерінің ішінде «жасыл экономикаға», жаңартылатын энергия көздеріне өту тұжырымдамасын қабылдаған жалғыз елміз. Энергияның балама көздері туралы айтып кетсек. Көрме ғимараттарының төбелері күн батареяларымен жарақталатын болады. Кейбір құрылымдарда электр энергиясын өндіретін турбиналар орнатылатын болады. Салқындату немесе жылу жер астынан берілетін болады. Яғни, барлық экотехнологияларды біздер жұмыс істеп тұрған жағдайда ЭКСПО көлемінде таныстыруға тырысамыз.

Талғат Ермегияев

Біз әлемдегі ең үлкен шар тұрғызамыз – ол біздің планета мен ЭКСПО нышаны болады. Шар түріндегі ғажайып ғимарат жасау – президент Назарбаевтың идеясы болатын. Ол осы қазақстандық павильон болады: ол – орталық, оның айналасында – халықаралық павильондар. Бұл бірегей және нағыз керемет ғажайып болады: жартылай шарлармен жабылып жарқылдап тұрады және оны «теледидарға» айналдыруға болатын болады.Тіпті, ғарыштан да көрінеді! Біздер көрмеге қатысушылар мен олардың қонақтарын, сондай-ақ қазақстандықтарды таң қалдырамыз деген ойдамын.

Жоғары технологиялар мұражайынан басқа, бұл жерде қазақ тарихы, тұрмысы мен дәстүрі туралы, біздің дамуымыз бен жетістіктеріміз туралы мәлімдейтін мұражай орналасады. Бұл кешен халқымызды таныстыру мақсатында жасақталады.

Бізді үлкен нысан мен екі жарым жылдай құрылыс жұмыстары күтіп тұр. Бұл өте аз уақыт. Көпшілігі «мүмкін емес» деп айтып жатыр. Мен үлгереміз деймін. Біздер жұмыстардың толық құрылыс кестесін Президентке таныстырдық және 24 сәуірде ол құрылысқа бастау ретінде ресми түрде капсуланы салды. Бүгінгі таңда кестеден ешбір ауытқу жоқ. 2016 жылғы желтоқсанда біздер нысанды тапсырып үлгеруіміз керек. Ал келесі жарты жыл бойына барлық нысандар тестілік режимде, басты дайындықта жүргендей жұмыс жасайтын болады.

Маған өзін ақтау бойынша көптеген сауалдар қойылады. Мен ЭКСПО біздің жағдайда өзін ақтайды деп сеніммен айта аламын. Біз Астананың әрі қарайғы дамуы жоспарланған орында құрылыс бастап отырмыз. Біз жолдар, инженерлік желілер, су, газ, кәріз жолдарын қаланың өсу бағыты бойынша салып жатырмыз. Бұл — біріншіден. Екіншіден, ЭКСПО — бүкіл планета алдында Қазақстан атауына жұмыс істеп отырған ең алғашқы ірі халықаралық жоба. Үшіншіден, бұл біздің елімізде туризмнің белсенді дамуына ұмтылыс беретін шынайы мүмкіндік. Әлеуетті туристерді Астана, сондай-ақ Бурабай, Алматы мен Байқоңыр қызықтырады, біздің жоспарымыз бойынша, онда жүрдек пойыз жеткізетін болады. Туристерге арзан және жайлы экскурсиялар қамтамасыз етіп, біздер елімізді танымал етіп, осыдан пайда да таба аламыз. Қазіргі кезде жеңілдетілген виза процедуралары қолға алынып, кейбір елдермен бізде визасыз режим бекітілген.

Талғат Ермегияев

Біздер ондаған мың жұмыс орындарын құрып отырмыз. Үлкен тұрғын үйлер көтеріп жатырмыз, осылардың барлығы бірдей мемлекет қаржысы есебінен емес. Бүгінгі таңда ЭКСПО-2017-ге дайындық шеңберінде бес жүз миллион доллар инвестиция тұрғын үй құрылысына, қонақ үйлер мен бизнес-орталықтар тұрғызуға жұмсалып отыр. Бұдан басқа ЭКСПО өткізу кезінде біздің шағын және орта бизнес те жұмысқа араласа алады. Бұл жерге өз қаражатын, көрме аумағында ғана емес, бүтін Астана мен Қазақстанда жұмсайтын көптеген адам легі келеді. Сонымен бірге ЭКСПО есебінен астана үшін маңызды жаңа нысандардың бой түзуін де естен шығармаған жөн.

Халықаралық көрме бюросының сарапшыларымен пікірталастар барысында біздер келешекте павильондарды әрі қарай пайдалануды білдіретін жобалаудың жалпы тұжырымдамасына келдік. Биіктігі стандартты, сегіз метрлік көрме павильондарына біз арнайы саңылау-консольдер қалдырамыз. Кейіннен олар осы павильонды екі қабатқа бөлуге мүмкіндік береді.

Бұл жерде «А» класты кеңселер, оқу зертханалары немесе лекция залдары болады деп жоспарлап отырмыз. Көрме аумағының бір бөлігін балалар, жасөспірімдер мен жастар үшін көңіл көтеру орындарына икемдеу бойынша ұсыныстар бар.

Ол қазақстандық павильон қабатының бөлігін алатын тұрақты жаңарып тұратын экспозиция болады. Осы жылдың аяғына қарай британдық компаниялар жасап жатқан тұжырымдаманы аламыз деп ойлаймын. Бұл студенттер мен жоғары сынып оқушылары үшін ғылыми-танымдық оқу орталығы болатын болады. Бұдан басқа ЭКСПО үшін салынған базада кадрларды даярлау мен қайта даярлауды жүргізуі үшін Google, НР, IBM сияқты компанияларды қатыстырғымыз келеді.

Бұл да маңызды мәселелердің бірі – келушілер зияткерлік тұрғыдан байып қана қоймай, көңіл де көтерулері қажет. Концерттер, шоу-жобалар, көрмелер, театрлық қойылымдар – отандық және әлемдік жұлдыздардың қатысуымен жасалатын жарқын, заманауи және қызықты бағдарламасы үш ай бойына жүретін болады. Билеттерді он күн, ай бұрын жеңілдіктермен сатып алуға болады. Сонымен бірге ЭКСПО кезінде 174 гектар оның аумағында (біздер күніне 70-90 мың адам келеді деп күтеміз) нақты коммерциялық аймақтарға – кәдесыйлар, фуд-корттарға орын табылады деп ойлаймыз. Табыс – мемлекет бюджетіне құйылады. Бұл біздің алдымызда тұрған басты міндет.

Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандарылған көрмесінің құрылысы жалғасуда. Бүгінгі таңда ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің құрылысы қызу қарқынмен жүзеге асырылуда. Жалпы, «көрме кешені Астана қаласының қай жерінде орналасқан?» деген сұрақ бізге жұртшылық тарапынан жиі қойылады. Ол орынды да. Өйткені әзірше ғимараттардың көлемі көріне қойған жоқ. Қазір құрылыстың нөлдік циклі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Яғни қазу, іргетасын қалау, жертөлелік бөліктерін салу деген секілді жұмыстар жалғасуда. Ал Көрме кешенінің орналасқан жері: Орынбор – Тұрар Рысқұлов – Қабанбай батыр – Хусейн Бен Талал көшелерінің аралығы. Құрылыс телімінің жалпы ауданы – 173,4 га, соның ішінде көрме павильондарының ауданы – 25 га.Көрме кешені нысандары бойынша негізгі көлемді-жоспарлау шешімдері дайындалып жатыр.Сондай-ақ,«Сембол» АҚ, «Mabetex Group», «Базис ҚК» ЖШС, «Компания АДС» ЖШС, «АБК Құрылыс-1» ЖШС компанияларымен құрылыс-жөндеу жұмыстарына келісімшарт жасалды. Жалпы, Көрме аумағына 38 нысан салу жоспарлануда. Павильондар құрылысы мердігер компаниялардың арасында нақты бөлінген.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» акционерлік қоғамы «IT Engineering SA» швейцариялық компаниясымен жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге келісімшарт жасасты. Келісімшартқа сәйкес, жобалау жұмыстарының 70%-ы биыл, 30%-ы келесі жылы аяқталады.

Бүгінгі таңда ауданы 25 гектар болатын көрмелік аймақта шұңқыр қазу жұмыстары бітіп, іргетас бетонын құю бойынша жұмыстар қызу жүзеге асырылуда. Кешендер өндіріс кестесіне сәйкес, белгіленген мерзімнен кешіктірусіз салынады деп жоспарланып отыр.

Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің қарсаңында Астанаға 2 млн шетелдік және қазақстандық туристер келеді.

«Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясының ақпараты бойынша, Астанадағы халықаралық көрмесінде 2 млн туристер және 5 млн сапар күтіледі.

Қарлығаш Алтаева, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» орталығының директоры

Астана жаңында экоаул құрылысы жоспарланған. Энергобелсенді қалдықсыз YurtVillage «Zhasyl Aul» эко-этноауылды Астанада «ЭКСПО-2017»-ге дайындалу барысында тұрғызылады.

Жаңа ауылда автономды энергобелсенді «ақылды» үйлер тұрғызылып, қолжетімді бағалармен сатылмақ. Құрылыс кезінде энергетика мен энергосақтаушы су жаңа технологиялары пайдаланылады.

YurtVillage «Zhasyl Aul» сонымен бірге әлеуметтік бағдарланған проект болып табылады, өйткені құрылысқа деген шығындар 40% дейін төменделген. Ауыл қолданатын жылу энергиясын өндіруге кететін шығындар 30%-ға төмендеген.

Қазақстан президенті Шанхай ынтымақтастық одағының мүше елдерін «ЭКСПО-2017» көрмесінде қатысуға шақырды.

Осы аптада ЭКСПО-2017 комиссары мен ұлттық компаниясының жұмысшылары басқа елдердің көрмеге қатысуға ресми шақыру жұмыстарын бастады. Бірінші болып осы процессте Қазақстанның ең ірі сауда серігі мен көршісі – Ресей болады. Осындай келіссөздер әлемнің 100 елімен бірге өтеді.

 

Жүзеге асырылатын құрылыс-жөндеу жұмыстары бойынша ақпарат:

 

«Сембол» АҚ:

- «Қазақстан-Астана»

- «Энергия Холы»

- «Ұлттық күн»павильоны

- Өнер орталығы

- жабық сауда орталығы

- сауда және қызмет көрсету киоскілері

- баспасөз орталығы бар конгресс орталық

- 240 орынға қонақ үй;

 

«Mabco construction SA» (Астанадағы «Mabetex Group» филиалы):

- 8 халықаралық павильон

- «Тіршілік үшін энергия» және «Барлығы үшін энергия» 2 тақырыптық павильон

- сауда аймағы

- корпоративтік павильон

- сауда және қызмет көрсету ғимараттары мен ішкі инфрақұрылым.

 

«Компания АДС» ЖШС:

- ұйымдастырушының кеңсесі

- спектакльдерге/шерулерге дайындық үшін ғимарат,

- қойма ғимараттары.

 

«АБК Құрылыс-1» ЖШС:

- 3 халықаралық павильон

- «Болашақ энергиясы» тақырыптық павильоны

- сауда және қызмет көрсету ғимараттары мен ішкі инфрақұрылым;

 

«Базис ҚК» ЖШС:

- 3 халықаралық павильон

- «Энергия әлемі» тақырыптық павильоны

- сауда және қызмет көрсету ғимараттары мен ішкі инфрақұрылым.

 
0
0
2145

Осы тақырып бойынша