Федоровка ауылының тұрғындарымен жүздесу
Бүгiн ҚР Парламент Мəжiлiсiне үмiткер Снежанна Имашева Теректi ауданына iссапармен келiп, Федоровка ауылының тұрғындарымен жүздестi.
Аудандық мəдениет үйiнде ɵткен кездесуде Снежанна Валерьевна, "Nur Оtan" партиясы Теректi аудандық филиалы тɵрағасының бiрiншi орынбасары Мирхат Ибраев, Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткер Сержан Идиятов партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Ɵз сɵзiнде Снежанна Валерьевна мұғалiмдер мен мемлекеттiк ауруханаларда жасайтын дəрiгерлердiң жалақысын арттыру; ауыл мен қала мектептерiнде бiлiм дəрежесiн бiрыңғай ету; студенттердiң стипендиясын кɵбейту; елiмiздегi ғалымдарға қолдау кɵрсету; жолдарды күрделi жɵндеуден ɵткiзу; қаладан шалғай орналасқан ауылдарды кɵгiлдiр отын жəне таза ауыз сумен қамтамасыз ету; əйелдердi қолдау; ауылдарда интернет байланысын дамыту, т.б. сайлауалды бағдарламада қарастырылған бағыттарға кеңiнен тоқталып, талқылады.
Жиында Мирхат Мақсотұлы мен Сержан Серiкұлы партияның жастарды, кəсiпкерлердi қолдауға арналған бағдарламаларын, елiмiзде эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин жарияланғанда, партияның Теректi ауданы бойынша атқарған жұмыстарын баяндады.
Кездесуге қатысқан теректiлiктер жоғары оқу орнын бiтiрген жастарды жұмысқа орналастыру, азық-түлiк, жем-шɵп, жанар-жағармай бағасының қымбаттауы, шетелдiк кɵлiктердiң кɵбеюi, салық тɵлеу мəселесi, Теректi ауданындағы ауылдардың аттарын қазақшалау, т.б. ұсыныс, пiкiрлерiн ортаға салды.
Депутаттыққа үмiткерлер барлық мəселелердiң оң шешiмiн табуына ықпал ететiндерiн айтып, сайлауда "Nur Оtan" партиясын қолдауға шақырды.
#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
Преодолев испытания, победим вместе!
