Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үгіт-насихат жұмыстары

Сайлауға санаулы күндер қалды.Сайлау алды жоспарға сай түрлі форматтағы кездесулер жалғасуда.

"Nur Otan" партиясы облыстық маслихат депутатына үміткер Сатимов Исатай Темешевичтің сенімді өкілдері М.А.Агжанова мен Ш.М.Бергалиева "Есіктен есікке" акциясы аясында Бөрлі ауылының Достық, Садовая, Чапаево көшелері тұрғындарын сайлау алды бағдарламасымен таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға үн парақтар таратылып, өтініштері мен талап-тілектері тыңдалды.

Сонымен бірге сенімді өкілдер "Канвассинг" шарасы барысында Бөрлі ауышаруашылық колледжінің ұстазы Мендібаева Рабиға Зайтунқызының шаңырағында болып, сайлау алды бағдарламамен таныстырды.Ел құрметіне бөлінген сыйлы ұстаз партия жұмысына және үміткер Исатай Темешевичке сәттілік тіледі.

Осы тақырып бойынша

Үгіт-насихат жұмыстары - Yvision.kz