Google Trends 2014: Altel, Beeline, Kcell және Tele2 туралы

Халықаралық Телекоммуникация Одағының соңғы мәліметінше Қазақстанда мобильді телефон қызметін пайдаланатындар өте көп. 100 адамға шаққандағы мобилді телефон қолданушы көрсеткіші - 185.2. Тұрғындар бір емес бірнеше телефон/симка қолданып жүр деген сөз.
Осыдан 4-5 жыл бұрын еліміздегі мобильді операторлар тұтынушының саны үшін таласатын. Қазіргі күресте қызмет түрлері мен сапасы үшін таласа бастады. Бір жақсысы барлық операторлар қызмет көрсету сапасын жақсартып жатыр. Сәлеметсіз бе? деп қазақша амандасады, қызмет көрсетілгенін қалайтын тілді өзіңіз таңдай аласыз т.с.с.
Өткен жылдардағы конференциялардың бірінде Қазақстандағы мобильді нарықта Android негізіндегі смартфондар көбейп келеді деген еді. Сөзсіз бұл сан өсті деп ойлаймын. Бұған смартфондардың арзандай бастағаны түрткі болуы ықтимал.
Нәтижесінде телефон сөйлесу құралы ғана емес, сонымен қатар шеті мен шегі көрінбейтін Интернет әлемін кезетін құралға айналды. Бұрындары Opera-ның Mobile Opera деген браузерінің есебі жарияланатын. Мобильді телефон арқылы адамдар көбіне не іздейтінін, көретінін шамалайтынбыз. Қазір олар да есептерін жаңартпайтын болды.
Бірақ кейбір мобильді операторлар: "Адамдар телефон арқылы да күнделікті сайттарын ақтарады" дейді. Мәселен, Tele2 қызметкерлері: "Тұтынушыларымыздың телефон арқылы қарайтын сайттары жалпы Қазақстандағы танымал сайттар тізіміне ұқсас" дейді.
1. Vk.com
2. Mail.ru
3. Youtube.com
4. Google.kz
5. Yandex.kz
Қосымша мәліметті SimilarWeb немесе Alexa-дан да қарасаңыз болады.
Қазақстандықтар интернеттен бірін-бірі іздейді екен. Ресейдің әлеуметтік желісі бірінші орында. Одан кейін хат алысып, берісімезі. Сосын уақыт тауып, видео көреміз. Ал ақпарат іздеу кішкене күте тұрса болады.
Төменде Google Trends көрсеткен мәліметтерді жариялап отырмын. Бұл мәліметтерге қарап отырып, мобильді оператор туралы Интернеттен адамдар қандай сөздерге сұрау салатынын, әрі сұрау салу жиілігін көре аласыз.
Бұл кесте Қазақстандағы Интернет қолданушылар Google іздеу жүйесі арқылы 2014 жылы мобильді операторлардың атауын қалай іздегінін көрсетіп тұр.
"Data Source: Google Trends (www.google.com/trends).
Beeline сөзін жыл басында басқаларға қарағанда жиі іздегенімен, күзге қарай трендте өзгерістер байқалған.
Жаз кезінде Интернет қолданушылар арасында Beeline туралы ақпарат іздеушілер сәл саябырсып, Altel-ды көбірек іздеген.
Қыркүйектен бастап динамика күтпеген мінез көрсетіп тұр. Tele2-нің Жарнама шайқасы деген атпен етсе қалған кезең еді.
Қыркүйек пен қарашада көк жолақты Altel өзінің жаңа өнімін таныстырғандықтан болар, осы сөзді көп іздеген.
Tele2 операторының 880 теңгелік тарифін ұсынған кезінде де ақпарат іздеушілер көбейген. Төменде өзімен өзі жүрген жасыл жолақты Tele2 сызығы бірден таудың шыңы тәрізді үшкірленіп кеткен.
Дәл қарашаның 23-29 аралығында Интернет қолданушылар арасында үш мобильді операторды ерекше іздегенін (Beeline, Kcell, Tele2) көріп тұрған шығарсыз. Биылғы жылғы іздеудің ең жоғарғы көрсеткіштері сол кез.
Енді жұрт бұл сөздерді немесе брендтерді Google-дан көбіне қандай сөз тіркестерімен, сөздермен іздегенін көрелік. Төменде әрбір брендтікін көрсетіп отырмын.
Altel. Көбінесе интернет модеміне қатысты ақпаратты іздепті. Әрі бұл орайда алматылықтар көп іздегені байқалады. Бұл түсінікті де. Себебі Altel бірден өңірге тараған жоқ. Сосын "личный кабинетке" сұрау салған. Бұл - интернет қостырған адамдар көбіне Wi-Fi-ға ат қойып, төлем жасайтын баптаулары орналасқан жер.
Beeline. Бұл жерде де көбіне мобильді интернет туралы іздеген. "Личный кабинетке" кіру үшін гуглдатыпты. Сонымен қатар Beeline тарифтері туралы да сұрау салған. Бұл жерде де алматылықтар белсенді.
Kcell. Тағы да Алматы бірінші орында. Жұрт көбінесе тікелей кеңселерін іздепті. Сосын kcell-дің iphone ұсынатын бір жобасын жазда байқаған едім. Соған көп қызыққан тәрізді. Kcell-дің қызмет көрсету орталықтары туралы ақпаратты көбірек іздегені қызық көрініп тұр.
Tele2. Алматылықтар іздеген. Негізге екпін бұл жерде де интернет туралы. Әрі Tele2 тарифтеріне ойысқан. Сөзсіз Tele2 өзінің 880 теңгелік "Супер+" тарифімен көп адамды елітіп отыр. Сосын бір қызығы мобильді операторлардың тарифтерін таныстырғанда оларды түсіну үшін шынымен сайттарына кіріп, асықпай барлығын түсіну керек. Шамасы сол үшін іздеген болар.
Қысқаша түйін жасар болсам, биылғы жылы мобильді операторлардың тренді бір қалыпты басталған. Жыл басында Beeline-ды өзгелерге қарағанда көп іздеген. Бірақ күздегі Tele2-нің "тентек мінезінен" кейін, нарықта жаңа тарифтер пайда болып, өзге мабильді компаниялар туралы ақпарат іздеу күшейе түскен. Бәлкім, жұрт тарифтерді салыстырғысы келген шығар. Нәтижесінде бұл Google-да Tele2, Kcell және Beeline туралы көбірек ақпарат іздеуге алып келді. Әсіресе, жұрт мобильді тарифтердегі интернетке қызыққан. Компаниялар жаңа тарифтерін ұсынған сайын сол туралы ақпаратқа инетшілер жиі сұрау салады екен.





