Гранттар беру мәселелері туралы аудан кәсіпкерлерімен дөңгелек үстел өтті.
Бүгін Қарақия аудандық "AMANAT" партиясында ҚР Президентінің халыққа Жолдауы аясында жеке кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру бойынша гранттар беру мәселелері туралы аудан кәсіпкерлерімен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қатысушы жас кәсіпкерлерге "Жас кәсіпкер", "Еңбек" бағдарламалары, жастар гранттары туралы ақпарат берілді. Бұдан әрі, ауылдық жердің тұрғындары болғандықтан, ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлікке баса назар аударылды.


