Х Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі
Алматыда 2014 жылдың 15-20 қыркүйек аралығында Х Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді.
Фестивальдың ұйымдастырушысы дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігі мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы, Алматы қаласының әкімшілігі болып отыр. Бұл мерейтойлы кинофестиваль ЮНЕСКО-ның ресми күнтізбесіндегі атаулы мерекелердің біріне енген ұлы қазақ режиссері Шәкен Аймановтың жүз жылдығына арналады. Фестиваль өзінің мерейтойына үлкен жетістіктермен жетті. «Еуразия» әлемдік беделді киноөндіріс – Кинопродюсерлер ассоциациясы Халықаралық федерациясының (FIAPF) аккредитациясынан өткен Орталық Азиядағы жалғыз кинофестивальге айналды. 2012 жылы «International Film Guide» (Ұлыбритания) баспасы «Еуразия» ХКФ-ін әлемдегі 35 көшбасшы кинофестивальдердің тізіміне енгізді.

«Еуразия» кинофестивалінің концепциясы Батыс пен Шығыс мәдениеттерінің қиылысында орналасқан еліміздің геосаяси жағдайына байланысты туындады. Сондықтан да, фестивальдің байқаулық бағдарламасы Еуропа пен Азияның, ТМД елдерінің таңдаулы кино шығармаларын ұсынады. Биыл халықаралық конкурсқа қатысу мақсатында Қазақстан, Ресей, Франция, Корея, Жапония, Германия, Қырғызстан, Израиль, Бельгия, Өзбекстан, Ирак, Түркия, Индия, Қытай, Малайзия және тағы да басқа мемлекеттерді қоса алғанда 170 кино картина келіп түсті.
«Еуразия – 2014» іріктеу комиссиясының құрамына:
- Серік АПРЫМОВ, сценарист, режиссер, актер және продюсер, Лениндік комсомол және ҚР кинематографистер одағы премияларының лауреаты, ҚР еңбегі сіңген өнер қайраткері және «Қазақ жаңа толқынының» жарқын өкілі.
- Ғазиз НАСЫРОВ, сценарист және режиссер.
- Нариман ТӨРЕБАЕВ, сценарист, режиссер және продюсер (VII «Еуразия» ХКФ ең үздік режиссура жүлдесінің иегері).
- Журналист-кинотанушы Галина ЛЕОНОВА.
- Комиссия төрағасы - Дидар АМАНТАЙ, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, жазушы, кинодраматург және Ш. Айманов атындағы «Казақфильм» киностудиясының бас редакторы.
Кинофестивальға он екі картина таңдалып алынды, оның ішінде біреуі – қазақстандық. Фестивальде негізгі конкурстық бағдарламалардан тыс фильмдер де көрсетіледі:
- «ШӘКЕН АЙМАНОВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫ» бағдарламасы бойынша «Жамбыл», ҚазССР, 1952, реж. Ефим Дзиган; «Біздің сүйікті дәрігер», ҚазССР, 1957, реж. Шәкен Айманов; «Тақиялы періште», ҚазССР, 1968, реж. Шәкен Айманов және«Атаманның ақыры», ҚазССР, 1970, реж. Шәкен Айманов.
- «ШЫҒЫС ПЕН БАТЫС» бағдарламасында «Платформа», Қытай, 2000, реж. Цзя Чжанке; «Натюрморт», Қытай, 2006, реж. Цзя Чжанке; «Аминь», Германия, Румыния, Франция, 2002, реж. Коста-Гаврас және «Шығыстағы жұмақ», Франция, Греция, Италия, 2008, реж. Коста-Гаврас.
- «БҮГІНГІ КӘРІС КИНОЛАРЫ» бағдарламасында «Мойындау», 2014, реж. Ли До-Юн;«Тюи», 2013, реж. Джэ Хан Ким; «Ұрылар», 2012, реж. Донг Хун Чой и«Шошқалар патшасы», 2011, реж. Йон Санг-Хо.
- «ҚАЗАҚ «ЖАҢА ТОЛҚЫНЫНЫҢ» 30 ЖЫЛДЫҒЫ» бағдарламасында Рашид Нұғманов, Абай Қарпықов, Ардақ Әмірқұлова, Әмір Қарақұлов, Талғат Теменов, Дарежан Өмірбаев, Серік Апрымов пен Сергей Соловьевтердің фильмдері көрсетіледі.
- «ЕРЕКШЕ ЖАҢАЛЫҚ» бағдарламасында «Поэзия», Оңтүстік Корея, 2010, реж. Ли Чхан Дон; «Вознесись!», Оңтүстік Корея, 1989, реж. Им Квон Тхэк; «Кино адамо»,АҚШ, 2007, реж. Пьер Риссьен және «Гриль бар «На полпути»», Германия, 2002, реж. Андреас Дреззен.
Сондай-ақ, «ҚЫСҚА МЕТРАЖДЫ ФИЛЬМДЕР ТҮНІ» бағдарламасы «ШӘКЕН ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ХКФ-і және «Шәкен Айманов – аңыз адам» (Қазақстан, 2014, реж. Болат Нүсіпбеков) деректі фильмі көрсетіледі.
Фестивальдің ашылу салтанатында «Атамекен» фильмі көрсетіледі.
