Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерімен жүздесу
Бүгін облыстық сайлауалды штаб мүшелері онлайн форматта Орал қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерімен жүздесті. Қашықтықтан өткен кездесуде штаб мүшелері алдағы сайлау туралы және біздің өңірден ұсынылған кандидаттар турасында түсінік берді.
Сонымен қатар кездесуге қатысқан аталған сала қызметкерлеріне «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Онлайн жүздесуге қатысқан облыстық сайлауалды штабының мүшесі, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Айгүл Туркина партияның бес жылдық жоспары турасында айтып өтті. Сондай-ақ кездесуде денсаулық сақтау, білім беру, халыққа сапалы қызмет көрсету саласында орындалатын тың істер туралы мәлімдеді.
