Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Ихсанов" бастауыш партия ұйымы

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев пен "Ихсанов" бастауыш партия ұйымының төрағасы Алтай Бақтығалиевтің қатысуымен Н.Ә.Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын және партияның Саяси кеңесiнiң кеңейтiлген отырысының қорытындыларын талқылау мақсатында жиын өтті. «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығы – бұл Елбасының саяси тәжірибесін саяси-философиялық тұрғыда ұғыну және топтастыру. Онда алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибелер және халқымыздың ұлттық тарихи-мәдени дәстүрлері ескерілген. Бұл Тәуелсіздіктің мызғымас құндылықтарын көрсететін іргелі құжат. Елбасы болашақ ұрпақ үшін егемен Қазақстан көшбасшылығының ауқымды және абсолютті формуласы көрініс тапқан қағидаттар жиынтығын ұсынды. Жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтынын жеткізді.

0
0
149

Осы тақырып бойынша