Индустриялық даму бағдарламасының облыс бойынша жүзеге асырылуы
Облыстарда индустриализация бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда? Қандай объекттер жұмысын бастады және олардың өндіру қуаты қандай? Қанша жаңа жұмыс орындары бар?
Индустриялық даму бағдарламасының облыс бойынша жүзеге асырылуы

Қарағанды облысы
Қарағанды облысында индустриализация картасында 500 млрд. теңгеге сомасына 80 инвестициялық проект бар.
Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысында Қарашығанақ объектінде өндіру жоспарынан артта қалушылық байқалды. Алайда жұмысшылар сол артта қалушылықты қуып жетіп, жыл соңына дейін жоспарды артығымен орындамақ.
Ақсай индустриялды паркінде Қарашығанақ проектісіне қажетті жабдықтауды жасау үрдісін реттеді.
Ақтөбе облысы
Алғашқы индустриялы даму бағдарламасының жүзеге асырылу 4 жылы ішінде 70 объект іске асырылып, 5 мыңға жуық тұрақты жұмыс орындары ашылды. 2014 жылда 10 объект реализациясы жоспарланған.
Оңтүстік Қазақстан облысы
Оңтүстік Қазақстан облысының индустриализация картасында барлығы 21,4 мың жұмыс орнын қамтамасыз ететін 170 проект жүзеге асырылады.
Жамбыл облысы
Облыста 12 инсветициялық проект жасалып жатыр. Олар Ресей, Франция, Чехия, Италия, Иран, Германия, Түркия, Голландия мен Жапониялық кмпаниялармен жүзеге асырылмақ.
Шығыс Қазақстан облысы
Бұл облыстағы индустриализация картасында 61 проект бар, олардың инвестициялық құны 685 млрд. теңгеден асады.
Шығыс Қазақстандағы инновациялық кәсіпорындардың саны 99 бірлік құрды. Келесі бесжылдықта облыста металлургиялық сектор белсенді дамиды.
Солтүстік Қазақстан облысы
Облыста 38 млрд теңге көлеміндегі 31 проект индустриялық картада жоспарланған. Олардың бәрі бірге 1900 жұмыс орындарын қалыптастырады.
Ақмола облысы
30 мың жұмыс орындарын қалыптастыратын 717 млрд теңге көлеміндегі 63 проект Ақмола обылысында жүзеге асырылмақ. Қазіргі кезде олардың 44 объектісі эксплуатацияға берілді.
Павлодар облысы
2014 жылы Павлодар облысында 12 инвестициялық проекттердің реализациясы жоспарланған. Ал жалпы келесі ң жылдық индустриализация шеңберінде 10 мың жұмыс орнын қалыптастыратын 85 проект асырылмақ.
Атырау облысы
Атырау облысында индустриялизация шеңберінде объект саны екі есе өсті. Тартылған инвестициялар көлемі 24 рет өсіп, жұмыс орындарының саны 5000-ға жетті.
Қостанай облысы
Қостанай облысың Рудный қаласында жылына 500 мың тонна цемент өндіретін цемент зауытын ашу жоспарланған. Зауыт 200 тұрақты жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Қызылорда облысы
Қазіргі Қызылорда облысының индустриализация картасында 24 объект бар, оның ішінде бір объект республикалық маңыздылығына ие.
Салалар бойынша облыста: агроөнеркәсіпте – 6 объект; құрылыс индустриясында – 5 объект; мұнайгаз бен энергетикалық секторда – 5 проект. Бұл өнеркәсіптер 2500-ден астам жұмыс орындарын қамтамасыз етеді.
Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысының Ақтау қаласында Құрық аулындағы кеме жасау мен жөңдеу зауыт проектісін тарту етті. Санау бойынша, зауыт жыл сайын 70 кеме жөңдеп, 6 жаңа кеме шығарып жатады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 280 кеме тіркелеген.
Алматы
Алматы индустриализация картасында 5000 тұрақты жұмыс орындарын қамтитын 28 проект бар. Өндірісті қолдау үшін Алатау аймағындағы индустриялық зонаның құрылысы жүргізіліп жатыр.
Жарты жылда Алматы қаласының өнеркәсібі 277 млрд теңге өнімін шығарды.
Алматы облысы
Үдемелі индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы бойынша Алматы облысында 5 проект жүргізілмек. Олардың ішінде құс фабрикасы мен фармацевтикалық зауыт бар.
Сонымен қатар Алматы облысында асфальтбетондық зауыт пен үй салу комбинаты ашылды.
