Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өңір кәсіпкерлері қолдаусыз емес

Түрлі мемлекеттік бағдарламалар оларды қанаттандыруда. Кәсібін жаңадан ашушыларға төмен пайызды несие берілуде. Одан бөлек қайтарымсыз гранттар да шағын және орта бизнеске елеулі көмек болуда. Биылдың өзінде пандемия уақытында кәсіпкерлік саласы мемлекет қолдауынан қапы қалмады.

Алматы облысы өңірінде шағын және орта кәсіпкерліктің жай-күйін саралау мақсатында «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онлайн жиынды атаулы кеңестің төрайымы, «Прогресс» колледжінің директоры Ж.Телпекбаева жүргізді. Мұнан бөлек жиынға «Nur Otan» партиясы Алматы облысының филиалы төрағасының орынбасары Г.Тойлыбаева, Алматы облысы іскер әйелдер өңірлік кеңесінің төрағасы Р.Салықова қатысты. Отырыста облыста кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу барысы, әйел кәсіпкерлерді қолдау жайы, «Даму» қорының шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатындағы жұмыстары сараланды.

- «2020 жылы «Бизнес бастау» жобасының қаржылай емес бағыты аясында 16 аудан және 3 қаладан 3022 адам қатысып, 10 айдың ішінде өңірдің кәсіпкерлеріне 3028 қызмет түрі көрсетілді. Облысымызда 122 320 кәсіпкерлік субъектісінің 51 229 немесе 42% әйелдер қауымы басқарып, 2019 жылмен салыстырғанда әйелдердің кәсіппен айналысуы 6,6% артып отыр» - деді Алматы облысы іскер әйелдер өңірлік кеңесінің төрайымы Р.Салықова.

Онлайн жиында Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық - инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары С.Сабырбаев, «Даму» қорының облыстық филиал директоры Т.Екеев баяндама жасап, өңірдегі кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау беріп жатқандығын атап өтті.

Жиын соңында кеңес отырысының қаулысы қабылданып, тиісті ұсыныстар берілді.

0
0
163

Осы тақырып бойынша