Иран президентін жерлеу рәсіміне Қазақстаннан Мәжіліс төрағасы баратын болды
Тоқаевтың тапсырмасы солай.

Фото: © Sputnik
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Иран президенті Ибрагим Раисиді жерлеу рәсіміне қатысады", - деп жазды t.me/mazhilis_kz.
Айта кетейік, Иран президенті бейсенбі күні туған қаласы Мешхедте жерленеді. Ал кеше Тебризде Раисимен және онымен бірге тікұшақ апатынан қаза тапқан басқа да адамдармен қоштасу рәсімі өтті.
