Өңірлерде қалыптасқан су тасқыны жағдайы және жүргізіліп жатқан авариялық-құтқару жұмыстары туралы
2015 жылғы 17 сәуірде сағат 12.00-де Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінде (Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 2-кіреберіс) «Өңірлерде қалыптасқан су тасқыны жағдайы және жүргізіліп жатқан авариялық-құтқару жұмыстары туралы» тақырыбында брифинг өтеді.
Аккредиттеу жөніндегі мәселелер бойынша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитетінің Мемлекеттік тіл және
ақпарат басқармасына 948003, 602140 телефондары,
сондай-ақ [email protected] электрондық мекенжайына хабарласыңыз
