Іскер әйелдер Ассоцияциясы Жолдауға қолдау білдірді
Ұлытау облысының Іскер әйелдер Ассоцияциясы Мемлекет басшысының "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Жолдауына қолдау білдірді.
Ассоцияция жетекшісі Шолпан Шуйншибаева дөңгелек үстелді ашып, жүргізді. Жиынға қатысушылар нәзік жандылар болғандықтан Жолдаудағы ана мен баланың әлеуметтік жағдайы туралы сөз болды.
Шолпан Ерубайқызы баяндамасында Президент жыл сайынғы Жолдауында ана мен бала денсаулығына ерекше мән беріп келетін тілге тиек етті. Ана мен баланы қорғау әлеуметтік саясаттың аса маңызды құрамдас бөлігі болып отыр. Осы бағытта мемлекет отбасы мен балаға әлеуметтік қолдау жұмыстарын жетілдіру үстінде.
Елімізде әйелдерді кемсітудің кез-келген түрін жоюға бағытталған конвенцияны қабылдағаны белгілі. Бұл елдегі гендерлік теңдіктің сақталу заңдылықтарына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда еліміз бойынша әйелдерге заңды-психологиялық тұрғыда көмек беретін дағдарыс орталықтары бар. Бұл тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге қайта қалпына келуге көмек береді.
Облысымыздағы іскер әйелдер жиын соңында "дені сау ана ғана сау ұрпақты өсіріп, тәрбиелейді" деген ортақ ойға келді.
#ТоқаевпенБіргеміз
