Испанияда қазақстандықтар алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды
Испанияның Азаматтық гвардиясы қылмыстық топтың жолын кесті. Оларға криптовалютаға қатысты алаяқтық жасады деген күдік келтіріліп отыр.

Сурет: banki.ru
Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, ұйымдасқан топтың 12 мүшесі ұсталды. Олар Қазақстан, Молдова, Ресей және Украина азаматтары.
Тергеу қызметінің пікірінше, күдіктілер құны €50 асатын криптовалютамен түрлі алаяқтық әрекеттерді жүзеге асырған. Олар Испанияның провинцияларында 20 алаяқтық операцияны іске асырған.
Тергеу Еуропалық полиция агенттігі (Еуропол) мен Интерполдың қолдауымен атқарылды.
kaz.inform.kz
