Көксу ауданында шақырымға жуық жергілікті жол жөнделуде
Жалпы «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында Көксу ауданында 33 жоба жүзеге асырылып жатыр. Аталмыш бағдарламамен әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымды дамыту, білім мен мәдениет нысандарын жөндеу, тұрғын үй-коммуналдық саласындағы жобалар жүзеге асырылуда. «Қазіргі кезде ауданда 400 жұмыс орны құрылды, соның ішінде 268 адам жұмыспен қамту орталының бағыттауымен орналастырылды», - дейді аудан әкімі Алмас Әділ. Оның айтуынша, «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында ауылдық елді мекендерде 48 көше жөнделіп біткен, тағы 10-ы жөнделеді деп жоспарланып отыр. Олардың жалпы ұзындығы 40 км.
