«Көліктер» қазақша сөйлейді, немесе жүлде

Disney/Pixar студияларының туындысы "Көліктер 2" қазақша дубляжда шығатыны жайында бірнеше апта бұрын мына жерде жазылған еді. Қазақстандық прокатқа кино қазақ және орыс тілдерінде 23 маусым күні шығады – бұл АҚШ премьерасынан бір күн бұрын деген сөз.
Сәрсенбінің сәтінде “Көліктер 2-нің” премьера алдындағы көрсетілімі болады. Соған орай біз “Меломан” компаниясымен бірлесіп, пайдаланушылар арасында 4 билетті бәйгеге тіктік. Бәйге болғанда, айтарлықтай сайыс жоспарлаған жоқпыз, әрине.
Алматы тұрғындары, қазақ тілінде кино көргім келеді және 22 маусымда сағат 18:00-де қолым бос деушілер, бұл жазбаның астына пікір қалдыруды өтінеміз. Алғашқы төрт пікір қалдырушы билетке ие болады.Айта кететін бір жайт, кинодан кейін өз блогыңызға ана тіліңізде пікір жазуды ұмытпаңыздар: қазақ тілді аудармаға көңіліңіз толды ма, мультфильм ұнады ма деген сарында жазылған посттарды күтеміз.
Премьера алдындағы көрсетілім Мегада сағат 18:00-де болады. Жеңімпаздарды Your Vision өкілі күтіп алады, оны сіздер футболкасынан танып қоясыздар.
Қазақстанның басқа аймақ тұрғындары үшін бонус!
Егер де сіз басқа қалада тұратын болсаңыз, біздің екінші жүлдеге қатыса аласыз. Ол үшін армандап жүрген автомобиль жайында пікір қалдырыңыз (көлікті фотографиясыз сипаттау). Ең әдемі пікір үшін сыйлық бар – “Көліктер 2” фирмалық 2 Gb флешкасы.
Ал, кеттік!
