Көп балалы аналар қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесті
Көп балалы аналар қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесті.
Қоғамдық пікір көшбасшылары және облыстық партия филиалы төрағасынын бірінші орынбасары көп балалы аналармен кездесіп, сайлау қорытындысы айта келіп, аналарды толғандыратын мәселермен пікірлесті.
Алдымен аналарға еліміздің демографиялық ахуалының көтерілуіне қосып келе жатқан үлестері үшін ризашылықтарын білдірді. ""Nur Otan" партиясының 2025 жылғы "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!" атты сайлауалды бағдарламасы- біз қолға алған реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бағдарлама - аса ауқымды, бірақ нақты жоспарлаған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарламалар жинағы, - деп партия Төрағасы, Елбасы Н. Назарбаев айтқандай, партияның жолы айқын", - деді сөз алғандар. Ертеңгі кадрды бүгіннен жасақтау барысында жастарға сенім білдіріліп, оларды арнайы қолдау шаралары жүзеге асып жатқанын, жас отбасымен қатар көп балалы аналарды да баспанамен қамту жайы партияның басты назарында екеніне тоқталды. Аналарды партияға дауыс бергендері үшін алғыс айтты.
