Көріп тұрмын, мұңға толы көзіңді
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз»
Бейнематериал авторы – Алмаз Шаадаев «Сагынамын»
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте –
Еркелейсің, неге маған баладай?
Мынау көңілің, тым ерекше, толқындай.
Тұрғандайсың, бір өкпеңді, айта алмай,
Жұмбағыңды, тұрмын сенің, шеше алмай.
Неге мұңлы, қарақатты көздерің?
Мың сұрақты, маған қойып тұрғандай.
Әлде бар ма, айтшы жаным, сөздерің?
Айтылмаған, сырыңды ашып, бата алмай.
Тырысайын, сені тыңдап, түсініп,
Еркелетіп көрейін, мен өзіңді.
Кәні айтшы, тек тұрмашы күрсініп,
Көріп тұрмын, мұңға толы көзіңді.
Қайғы мұңда, біргеміз деп серт бердік,
Неге іркілді, кірпігіңде көз жасың?
Беріп тұр ғой, тағдыр бізге мүмкіндік,
Мейлі, мейлі, әйтеуір бір айтарсың.
https://www.youtube.com/watch?v=aZFB5SqxaNA
