Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көріп тұрмын жанарыңа, мұң түскен...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Saga Myrza Мектебім-өңімде көрген ертегім

Бейнематериал авторы – Адилбай Тобыш

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Көріп тұрмын жанарыңа, мұң түскен,

Сүйген жансың, махаббаттан сүрінген.

Мен де сендей, сағыныштан жүдеген,

Бір ғашықпын, үмітімді үзбеген.

Ғашық болу оңай емес, мен білем,

Елес болып келе берсе, сан көктем.

Тереземді тықылдатса, тамшылар,

Жаңбыр емес, сол келді деп, селк етем.

Ең қиыны, жаба алмайсың жыртығын,

Қанталаған жүрегіңнің, кетігін.

Армандаймын, көздерімді жұмып алып,

Ашқанымда, көремін деп қасымнан.

Бір келер деп, үміт құрамын, қуанып,

Елең етіп, әр дыбысқа мен шыққан.

Бірақ дәурен, тағдырыммен келісіп,

Жібереді, тек елесті ұқсаған.

Қайран өмір, білемін ғой өткінші,

Сезім түгілі, өзім кетем бір күні.

Әй даурен-ай, мүмкін болса бір күлші,

Бір серпілтіп алайын, жылап түрған көңілді.

1
0
629

Осы тақырып бойынша

Көріп тұрмын жанарыңа, мұң түскен... - Yvision.kz