Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кәсіпкерлердің таңдауы – Қ.Тоқаевқа түсіп тұр!

#Toqaev2022

Кәсіпкерлердің таңдауы – Қ.Тоқаевқа түсіп тұр!

«Аманат» партиясы филиалының залында қалалық штаб мүшелері кандидаттың сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша жергілікті кәсіпкерлермен, «Іскер Әйелдер Қауымдастығының» мүшелерімен кездесу өткізді.

Үгіт-насихат шараларына бағытталған кездесуге кандидаттың сенімді өкілдері – Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің ғылым және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Ақбаян Серікқызы Нұртазинова, қалалық мәслихат депутаты Ақансері Жанболатұлы Сүлейменов, «Ақ жол» ҚДП облыстық филиалының менеджері Мархат Ысқақұлы Хамитов қатысты.

Кездесуде Ақбаян Нұртазинова Қасым-Жомарт Кемелұлының халыққа ұсынып отырған сайлауалды тұғырнамасының Әділетті мемлекет, Әділетті экономика, Әділетті қоғам атты негізгі үш қағидатына кеңірек тоқталып өтті. Әр қағидаттың жік-жігін ашып, өзіндік ерекшеліктерін дəйекті түрде түсіндіріп берген штаб мүшесіне кәсіпкерлер тарапы риза болысып, осынау бағыттағы жарқын болашақты уәде еткен кандидатты қолдайтындарын білдірді.

Сондай-ақ, университет проректорының биылдың өзінде оқу орнында 10 мамандықтың жаңадан ашылды және білім ордасының беделі артып келе жатыр деген ақпарат берген сөздері қатысушылардың сеніміне жылу ұялатты. Себебі, жерлестеріміз балаларын алысқа жібермей-ақ, өз жерімізде орын тепкен білдей білім ордасында білім алғанын қалайтындары жасырын емес.

Сөз кезегін алған штаб мүшесі Ақансері Сүлейменов кандидаттың ұстанған бағыты тура жолда, келешегі кемел екенін тілге тиек етті. Және де қазіргі таңда өзін «бозбала Ақансері» емес, әке Ақансері ретінде әр нәрсені балаларымның болашағына тиімді ме деп қарайтынын білдіріп, бұл орайда Қ.Тоқаевтың уәде еткен жобаларының сенімге селкеу түсірмейтініне нақты көзім жетеді деп, алдағы 7 жылда ел тізгіні кемеңгер саясаткердің қолында болғанда, еш алаңдамау керектігін жеткізді.

Жиын соңында кәсіпкерлер тарапы еліміздің жарқын болашағы үшін мықты саясаткер, нағыз көшбасшы, лайықты кандидат Қ.Тоқаевты алдағы сайлауда бірауыздан таңдап, сайлауға белсене қатысатындарын айтып, тарқасты.

0
0
281

Осы тақырып бойынша

Кәсіпкерлердің таңдауы – Қ.Тоқаевқа түсіп тұр! - Yvision.kz