Күт мені «Аудио өлең» «Сағыныштан сарғайғанда, күт мені»
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Өлеңді оқыған – Айгү Сағымбайқызы
Әуен авторы – Shahin Ismayilov “Жди меня”
Фотоматериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте –
Сағыныштан сарғайғанда, күт мені,
Жылағанда, жүрек үнсіз, күт мені.
Іркілгенде, көз тамшылар, күт мені,
Ұйқы қашқан түндеріңде, күт мені.
Шалдыққанда, шаршағанда, күт мені,
Жел тұрса да, құламастан, күт мені.
Қабақтарын, бұлт түйгенде, күт мені,
Жауып жатса, нұр аспаннан күт мені.
Ызғарымен, қыс келгенде, күт мені,
Көктем келіп, жайнағанда, күт мені.
Ыстық жазда шөлдегенде, күт мені,
Күзде келіп, сарғайтқанда, күт мені.
Шын сенімде күткен жан, періште ғой,
Сын көпірден өмірдің, сынбай өткен.
Киелі ғой шын сезім, киелі ғой,
Тұңғыйқта, сан мұңымен тербеткен.
https://www.youtube.com/watch?v=g5afNY8jq4o
