Күйзелесің несіне, сен көңілім…
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Ernesto Cortazar - Hurts to Forget You
Бейнематериал авторы – Slim Tree
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте – https://vk.com/public56982889
Инстаграмм – aikosmuz
Күйзелесің несіне, сен көңілім,
Аясаңшы жүректің, мынау дүрсілін.
Тағдырымды қайтейін, осылай етіп,
Кигізіп қойса аяққа, сыңар етік.
Күйдіресің несіне, айтшы мені,
Жатасың-ау жоқ жерде, мың жандырып.
Ал кей кезде қатасың, мұздай болып,
Ызғарыңа, аямастан тоңдырып.
Көсілесің болмаса, келтең-көрпең,
Керек пе екен, айтшы маған, сергелдең.
Бәрі жақсы болғанын, көріп пе едің,
Жазымыштан қашқанын, естіп пе едің?
Білген болсаң, бар сырын, ашып берші,
Ырғағыңа көнейін, онда сенің.
Бола бермей, әйтеуір, маған сыңшы
Дұшпан емес, досым болшы, сен менің.
