Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кандидат-қонақта

Қарапайым еңбекке бар ғұмырын арнаған Акмалиев Көпбол ағай бүгінде зейнеткер. Әкесі Ұлы Отан соғысының ардагері болған, көп балалы отбасынан шыққан Көпбол ағайда ауылдың байырғы тұрғыны. Қалаға барғысы келмейтін ауылдың қарапайым қазағы. Жан жары Асыл Дәуешқызы қырық жылға жуық мектепте бастауыш сыныптың мұғалімі болып қызмет етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көруде. Асыл апайдың оқушылары сабаққа алғыр, математикаға жүйрік болатынымен есімізде. Әр ұстаздың өзіндік бір қыры болады емеспе, Дәуешқызының математикаға жүйрік оқушылары елімізді әр түкпірінде еңбек етуде. Өзі зейнетке шықсада ауылдағы ең белсенді жан. Қимылдағынды жақсы көреді, қолың қимылдаса, аузың да бос болмайды дегенді берік ұстанған. Қолындағы екі үш сиырының өнімін аудандағы жәрмеңкеге сатудан бастаған жолы, бүгінде ауылда дүкен ашуға дейін жеткізді. Өзіне өзі риза апайым, өзімнен артылғанды ауылдастарыма саттықа шығарамын, малы жоқтарға ол да бір көмек деп отыр. Ал ауылға келген ауыз судың, бөгелген тоғанның суын, алдағы аяқталар жолдың жақсылықтарын айтып тауыса алмаймын дейді. Жас келсе іске демекші, деп жаңадан келген ауылдың әкімі Рашит Байровтың ісіне риза екенінде айтып қалды. Дүкен ашу ойын құптай кеткен аудан басшысына да дән риза. Елдің тыныштығы мен отбасының амандығын қатар қоятын Акмалиевтер отбасы алдағы сайлаудан қалмайтындықтарын айтты. Есіктен есікке жеткен тілектер қабыл болсын. 10.01.2021. Сайлауда кездескенше!

0
0
139

Осы тақырып бойынша

Кандидат-қонақта - Yvision.kz