Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кандидаттар шаруа қожалығы жұмысшыларымен кездесті.

Кездесуде үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттады. Сондай-ақ қожалықтың тыныс-тіршілігімен танысып, шаруалардың көкейкесті мәселелеріне дең қойды.

Өз кезегінде, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Салықов Ербол Ғұмарұлы «AMANAT» партиясының ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған бағдарламасын таныстырды. Сондай-ақ, кездесуде шаруалар тарапынан туындаған жайылым мәселесі, субсидиялау,тиімді мемлекеттік бағдарламалар туралы сауалдарына жауап берді.

Сонымен қатар, кандидаттар елімізде еңбек адамының мәртебесі мен табысын арттыруға ерекше көңіл бөлініп жатқанын, партияның бұл бағыттағы жұмысты жандандыруға айрықша мән беретінін атап өтті.

Облыстық мәслихатқа кандидат Ораш Нұрхат Серікқалиұлы шаруаларды толғандырған жайылымдық жер, байланыс, электр жарығы сияқты мәселелері мен басқа да ұсыныстарының назарға алатындарын жеткізіп, жұмысшыларды 19 наурызда өтетін сайлауда «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды.

#AMANAT2023

#ДауысберAmanat2023

0
0
206

Осы тақырып бойынша

Кандидаттар шаруа қожалығы жұмысшыларымен кездесті. - Yvision.kz