Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

“Канвассинг” кездесуі жалғасуда

Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз- дегендей «Алтын алқа» иегері, Ләззат апамыз ұл-қыз тәрбиелеп, бүгінде немере мен жиен сүйіп отырған үлгілі- ана.

Партиясының жұмыстарына тоқтала келе, сайлауалды бағдарламасына да шолу жасап, 2021 жылдың 10 қаңтарында өз дауысын беруге сайлау учаскесіне келуге шақырдық.

Бір шаңырақта үш отбасы тұрып жатқандығын айтқан апамыз жастарға баспана беруге қол ұшын берсе, сондай-ақ Әйтеке би көшесіне жарық жоқтығын, қоқысты бірнеше көше жүріп барып тастап жүргендігін тілге тиек ете келе көшемізге қоқыс жәшігі қойылып, жарық жүрзіліп оң шешім болса деді. Еліміздің тыныштығына шүкіршілігін айтып, ісімізге сәттілік тіледі.

«Алтын алқа» иегерінің ақ ниетіне дән риза болып, пейілі кең, ниеті адал, ақ көңіл апамызға бала қызығын көруді біз де тіледік.

0
0
132

Осы тақырып бойынша

“Канвассинг” кездесуі жалғасуда - Yvision.kz