Канвассинг жалғасуда
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер, Сайқын ауылының құрметті азаматы, «Социалисттік еңбек ері» марапатының иегері – Ескендір Есімовтің үйінде болып, ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында өзара сұқбат алаңын ұйымдастырды.
Кездесу кезінде ақсақал өзінің еңбек жолынан сыр шертіп, келер ұрпаққа өзінің аманатын жеткізді. Ағымда жүргізіліп жатқан сайлау науқанына сәттілік тілеп, батасын сұрай келген үміткерлерге ақыл-кеңесін айтты.
