Канвассинг жалғасуда
Еліміздегі саяси науқанға байланысты сайлауалды бағдарламаға сәйкес облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сатимов Исатай Темешұлы ауылдың құрметті азаматшасы, ақ жаулықты еңбек ардагері Зейнеп әжемен "канвассинг" түрінде кездесті. Кездесу барысында санаулы күндер қалған сайлау мен бірге ауыл тарихының дамуы жайында және өңірімізде"Nur otan" партиясының бастамасымен атқарылатын жұмыстары туралы әңгіме өрбіді. Бөрлі ауылының даму тарихы сонымен бірге болашақта атқарылатын игі жұмыстарға куә болған әже ел болашағынан зор үміт күтетінін айта отырып,ақ батасын берді.
