Карантиндегі кәсіп жағдайын білді
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Имашева Снежана «Alem Plaza» сауда орталығында экспромт-кездесу өткізді.
Кездесу барысында үміткер сауда орталығындағы кәсіпкерлермен және қала тұрғындарымен әңгімелесіп, карантин уақытындағы кәсіп жағдайымен танысты. Партияның сайлауалды бағдарламасын қысқаша түсіндіріліп, 5 жылдық бағдарламада көзделген әлеуметтік басымдықтар айтылды.
Сондай-ақ, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлау жөнінде хабардар етіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
Преодолев испытания, победим вместе!
