«Кедергісіз келешек»
Бүгінде аудандық бөлімде 184 жалғызбасты қарттармен мүгедектер және мүмкіншілігі шектелген балалар есепте тұрады. Осы азаматтарға 32 әлеуметтік қызметкер үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетіп тұрады, яғни, әр әлеуметтік қызметкерге 5-6 мүмкіндігі шектеулі азаматтан бекітілген. Әлеуметтік қызметкерлер жоғары педагогикалық немесе медициналық мамандығы бар, арнаулы кәсіби даярланған мамандар. Әлеуметтік қызметкердің бақылауымен әрбір мүмкіндігі шектеулі азаматқа бір жылға жеке жұмыс жоспары құрылып, осы жоспар бойынша жыл бойы жұмыс атқарылып, жыл соңында қорытындыланады. Сонымен қатар, мұқтаж жандарды үйде арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерімен қамту үкіметтік емес ұйым арқылы да көрсетілуде. Ауданда «Алакөлэкосистемасы» үкіметтік емес ұйымы арқылы аталған қызметпен 35 адам қамтылып отыр.
2020 жылдың 1 қазанына аудан бойынша мүгедектердің саны 1783 адам, оның ішінде: І-топ мүгедектері -377, ІІ-топ мүгедектері -621, ІІІ-топ мүгедектері -785, жалпы халық санының 2,6 пайызын құрайды. Аудандағы зейнеткерлер саны - 8970 адам.
Мүгедектерге көрсететін көмектердің түрлері кеңейтіліп, әлеуметтік жәрдемақылар төлемдерімен шектелмей, оларды оңалту, қоғамға интеграциялау, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шаралары жасалынуда.Мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша бөлініп отырған қаржының көлемі жылдан-жылға артып келеді.
2020 жылдың 1 қазанына гигиеналық құралдармен 493 адам, жеке көмекшінің қызметімен - 137 мүгедек, ымдау тілінің мамандарының қызметімен – 7 адам, яғни 100 пайыз қамтылды, жұмсалған қаржы көлемі 71807,6 мың теңге. Техникалық қозғалу құралдары бойынша қамтылғандары - 70, сурдотифлоқұралдар қамтылғаны- 49, санаторлық-курорттық емделу бойынша- қамтылғаны- 104, протездік-ортопедиялық құралдар бойынша – қамтылғаны- 117 адам.
Аудан көлемінде екі «Инватакси» қызметі көрсетіледі. Инватакси қызметімен бірінші топ мүгедектігі бар 71 азаматтың және 43 мүмкіншілігі шектеулі балалардың 4454 тапсырысы қамтылды. Инватакси қызметіне ағымдағы жылға 7506,0 мың теңге қаржы қаралып, бүгінгі күні 6875,0 теңге қаржы игерілді.
Инватакси қызметтерін көрсетуді жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асырады. Ағымдағы жылғы сәуір айынан бастап мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы «Берен» МҚБ корпоративтік қоры жүргізуде.
Жыл басынан Текелі қаласындағы «Шапағат» қарттар үйіне 3 мүгедек қарт орналастырылды.
