«Кедергісіз келешек" - келісті тірлік

Міне, осындайда қазақ «Балам – болашағым» дейді. Осы орайда «Nur Otan» партиясы «Кедергісіз келешек» жобасын жүйелі жүргізіп келеді.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық партия филиалында «Кедергісіз келешек» жобасының жүзеге асу барысын таразыланды. Онлайн жүйеде өткен жиналыста ерекше қажеттілігі бар балаларды біліммен қамту және оларға жағдай жасау тақырыбынан бөлек, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту, оларды қоғамдық өмірден алшақтатпай, спорттық, мәдени шараларға қатыстыру жайы да таразыланды.
Айта кететін жайт, партия «Кедергісіз келешек» жобасын 7 жылдан бері жүзеге асырып келеді. Жоба мақсаты - мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартып, «шектеулі» дегенді шектеу болмайтындай қоғам қалыптастыруды жүзеге асыру. Мәселен, пандустардың сәйкестігі. Бұл қоғамда жиі талқыға түсіп, жиі көтерілетін мәселе. Партия мұнан өзге ғимарат, нысандардың мүгедектерге қолайлығы, іс-шаралар арқылы қоғамдық саяси шараларға тарту жұмыстары, заң нормативтік құжаттары арқылы қажетті заңдарға өзгерістер мен ұсыныстар енгізу секілді түрлі бағытта жұмыс істеп келеді.
