"Кедергісіз келешек" жобасы аясында кездесу
Бүгін, 20 қараша күні онлайн форматта Т.Даргужиевтың төрағалығымен фракция отырысы өтті. Кездесуге аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Ж.Мұхамбетжанов және Жымпиты ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі З.Бисекенов және фракция мүшелері қатысты. Күн тәртібінде "Nur Otan" партиясының "Кедергісіз келешек" жобасының ауданда орындалу барысы мен алдағы жылға жоспарлары талқыланды.
