Келмейді, келмейді қоштасқым «Аудио өлең»
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Ernesto Cortazar “Just for you”
Бейнематериал авторы – Наш выбор-наше будущее «Природа Казахстана»
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Келмейді, келмейді қоштасқым,
Кетсеңде, жүректі ауыртып.
Түсінем, келмейді таласқым,
Тағдырмен, жатса да, мың батып.
Іздейді, неге әлі, көздерім,
Елесті, адамның ішінен.
Естілмей қалды-ау, сөздерім,
Не күтем, адасқан сезімнен.
Жіңішкесің қылдай, үмітім,
Қорқамын, үізіліп кетеді деп.
Тұрсам да жылап, сөкпедім,
Аңсауда қалдым, жол іздеп.
