Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кездесу мен қоштасу

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Кездесу мен қоштасу,

Егіз сезім, болғандай.

Табу, әлде жоғалту,

Сағыммен, баурап алғандай.

 

Күн күркіреп, тұрғандай,

Жаңбырымен нөсерлеп.

Сездім, сезім салқынын,

Болды бұған, кім себеп?

 

Қайда кетті, көктемім?

Жарқыраған күнімен.

Жылап тұрған, жүрегім,

Бұл жаңбырмен, егіз бең?

 

Оранды – ау, ағаш сарыға,

Жоғалтып бүгін, жапырағын.

Кеттік пе әлде, асыға?

Жоғалтып алып, бақ тағын.

0
1
946

Осы тақырып бойынша

Кездесу мен қоштасу - Yvision.kz