Кездесу өтті
Бүгін ауданымызға «Nur Otan» партиясы Республикалық сайлауалды қоғамдық штабының мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттығына үміткер Жамалов Аманжан Макәрімұлы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театрының» басшысы, режиссер Маемиров Асхат Максимұлы Алғабас ауылының тұрғындарымен кездсеу өткізді. Республикалық штаб мүшелері «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, бүгінгі күні партия тарапынан атқарылып жатырған нақты істер жөнінде айтып өтті. Кездесу барысында ауыл азаматтары А.Хамидуллин, С.Каналиев, мәдениет саласының ардагері Ә.Бақтияров, С.Ибрагимовтер партия саясатын қолдайтындықтарын білдіре отырып, ауылдағы білім ордасына, мәдениет ошақтарына күрделі жөндеу жұмыстарына қолдау керектігін айтты.
#Қиындықтыеңсеріпжеңіскебіргежетеміз!
«Nur Otan» - нақты істер партиясы!
«Nur Otan» – жарқын жетістіктер партиясы!
#BizBirgemiz!
#NurOtan
