Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кездесу өтті

Талай Алаш арыстарының тұлпарының ізі қалған Қарақұдық елді мекені(Бұлдырты а/о) жері құнарлы,құдығының суы дәмін татқан мал мен жанның мейірін қандыратын шұрайлы өлке.,,Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатымен ,,Тана" ШҚ барғанымызда Б.Досқалиев ,Ш.Кәкенұлы есімді шаруа адамдарына тап болдық.Бақтыбай замандасымыз осы қожалықтың тұрақты жұмысшысы болса Шыңғыс Жәңгірхан атындағы университеттің студенті екен,қашықтан оқитын болғандықтан қазіргі кезде ата-анасына қолғабыс етуде.Ауылда ұялы байланыс пен әлеуметтік желіден (біршама елдің басты ауруы осы ма деп қалдық) басқа мәселе жоқтай көрінді олардың айтуынша.(7,8 үйлік қыстақ болса да газ тартылған,мед пункт жұмыс жасап тұр) Самара-Шымкент күре жолына апаратын алты шақырымдық жолды қар қалың түскен жағдайда ,,Атамұра" ШҚ жетекшісі аудандық маслихат депутаты Б.Тасқалиев тазалап тұрады екен.

2) Экспромт кездесу.

Жақсыны көрмекке деп аудан орталығына кіре беріс күре жол бойына орналасқан ,,Жарқын" тойханасын жалға алып,заманауи жиһаз дүкенін ашқан Сәуле Қожабергеновамен арнайы іздеп келіп жүздестік.Сөйлесе келе өзі де ,,Nur Otan" партиясына мүше екенін, сайлауда қолдайтынын айтқан кәсіп иесіне алғыстан басқа айтарымыз жоқ!

3) Аралтөбе а/о орталығында орналасқан ,,Санжар" ШҚ да елдегі көптеген шаруалар сияқты ірі қара мал және жылқы өсірумен айналысып келе жатқанына 5-6 жылдың жүзі болған. Шаруашылық иесі И.Жасталапұлының айтуынша қазір ауылда тұруға барлық мүмкіншілік бар (ауыз су,табиғи газ,байланыс жүйесінің екі түрі,жол салынып жатыр) тек шаруа адамына керегі жайылымдық және шабындық жер? Сайлауда басты партияға сенім білдірген замандасымыз осы мал басын жылма-жыл көбейтіп отырған адамдарға жерге ие болудың қол жетімділігін жеңілдетсе деген тілегін де жеткізуімізді сұрады??

0
0
110

Осы тақырып бойынша