Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кездесу өтті

Баршаңызға белгілі, 10 қаңтар сайлау өтеді. Осы тұста, партияның жастарға көрсетіліп жатырған көмектері мен мүмкіндіктерін атап өттім. “Дипломмен ауылға”, “Жастар тәжірибесі”, “Жасыл ел” бағдарламалары аудан көлемінде тұрақты түрде жүзеге асып келеді. 2020 жылы аталмыш бағдарламамен көптеген жастар еңбек етті. Алдағы уақытта да, партия қолдауымен студенттерге, жас ғалымдарға, жас мамандарға мүмкіндіктер мол болмақ. Сайлауалды бағдарламаға тоқталып өтер болсақ “Бастау бизнес” жобасы бойынша 1 мың жасты оқыту, “Жасыл ел” бағдарламасы бойынша 1,2 мың жасты жұмысқа орналастыру және колледж студенттеріне жатахана салу жоспарлануда.

Жалпы, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы аудан жастарының дамуы жолында түрлі шараларды өткізіп келеді. Сырым ауданы бойынша 4826 жас бар, бұл аудан халқының 26 пайызы. Аудан жастарының бос уақыттарын тиімді пайдалану, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу, жұмыспен қамту, адал еңбек етуге үйрету, діни бағыттағы теріс жолға түсулеріне жол бермеу, зайырлы қоғамның азаматы ретінде тәрбиелеу мақсатында біркелкі жұмыстар жүргізілді. Волонтерлар жылына байланысты облыс орталығынан ашылған волонтерлар сайты арқылы, волонтерлер саны 485-ке ұлғайтылып, көптеген шаралар атқарылды. Төтенше жағдай енгізілген тұстан бастап, 2020 жыл бойғы жұмыстардың көбі қайырымдылық бағытында өтті.

“Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!” осы бағытта әрбір Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру партияның басты мақсаттарының бірі.

Кездесуден соң, тұрғындармен жеке қабылдау жүргіздім. Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерге жауап беріп, тілектерін тыңдап қайттым.

0
0
134

Осы тақырып бойынша