Колледжі жатаханасына мониторинг жүргізілді
Бүгін Сағыз ауылындағы Қызылқоға аграрлы- техникалық колледжі жатаханасына мониторинг жүргізілді.
Шараға аудандық “Nur Otan” партиясы төрағасының бірінші орынбасары А.Аққайнанов, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы А.Алтыбаев, аудандық сәулет және қала құрылысы, жер қатынастар бөлімінің бас маманы С.Бағытжанов, “Қарақияқты” бастауыш партия ұйымының төрағасы Н.Әбишан, “Jas Otan” жастар қанатының атқарушы хатшысы Н.Бижанов қатысты.
Мониторинг жүргізу барысында студенттер үшін қолжетімділігі зерделеніп, кемшіліктер бойынша ескерту мен тиісті ұсыныстар айтылды.
