Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Конституция күні ұлттық мереке

Еліміздегі ең жоғары заңдық күші бар ата-заңымыз 1995 жылы тамыз айының 30-шы жұлдызында қабылданған болатын. Ал 1993 жылдың 28-ші қаңтардағы қабылданған тұңғыш Конституция екі жылдай қолданылып, өз...

Еліміздегі ең жоғары заңдық күші бар ата-заңымыз 1995 жылы тамыз айының 30-шы жұлдызында қабылданған болатын.

Ал 1993 жылдың 28-ші қаңтардағы қабылданған тұңғыш Конституция екі жылдай қолданылып, өз әлеуетін тауысқан болатын. 1993 жылы қабылдаған Конституция – тарихи маңызға ие болғанымен, жаңа мемлектеттік қажеттіліктеріне жауап беретін құқықтық нормалар мен идеяларды тұжырымдаған жоқ. Сондықтан да жаңа конституцияны қабылдау ең өзекті мәселе болып, 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қазіргі қолданыстағы Ата заңымыз – Конституцияны қабылдадық, бұл ата-заңымыздың ерекшелігі бүкіл халықтық референдумда қабылданған болатын.  Жыл сайын 30 тамызда –Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтеді.

Ата Заңымызда «Қазақстан өзін ең қымбат қазынасы-адам және азаматтың өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде және де Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып. Конституцияның қабылдануымен мемлекеттiк биліктiң пәрмендiлiгiн қамтамасыз еткен, маңызды әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстердi жүргiзудi жеделдетудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк берген тетiк жасалды

Ата Заң біздің бүкіл жасап жатқан жұмыстарымыздың жоспарларымыздың қайнар бастауына айналды десе де болады. Конституция мызғымас еліміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары,  жарқын болашағымыздың  кепілі!

Ата Заңымызды бұлжытпай орындаудың нәтижесінде Отанымыздың бірлігі нығайып, елдегі тұрақтылық пен татулық орнықты. Жаңа Конституцияны қабылдап  еліміз жаңа дәуірге қадам басты.

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының жетекші маманы А.А. Баймухамбетова

Осы тақырып бойынша

Конституция күні ұлттық мереке - Yvision.kz